Оқушыларды тамақтандырудың бірыңғай стандарты бекітіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушыларды тамақтандырудың бірыңғай стандарты бекітіледі

03.12.2024

Денсаулық сақтау министрлігі білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты туралы бұйрық жобасын әзірледі. Яғни, оқушыларды тамақтандырудың бірыңғай стандарты бекітіледі.

Құжатта өнімдерді тұтыну нормалары, ауыстыру кестесі және ерекше диеталық қажеттіліктері бар балалардың тамақтану ережелері көрсетілген. Аллергия тудыратын немесе құрамында глютені бар өнімдер тізімі анықталып, мәзірді жоспарлау тәсілдері ұсынылған. Жобаны талқылау 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Енді жаңа жобаға сәйкес мектепте қандай тағамдарға тыйым салынады? Соған назар салсақ.

Тартылған ет қосылған құймақтар, паштет, кремді кондитерлік өнімдер, балмұздақ, сағыз сатуға тыйым салынады. Сонымен қатар, тәтті сусындар, энергетик, газдалған сусындар, пастерленген жеміс-жидек, көкөніс шырындары мен фастфудқа да шектеу қойылады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу