«ЭКСПО» халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған этноауылда өңірдің қолөнер шеберлері, әншілері мен бишілері Астана тұрғындары мен қонақтарына мереке ұйымдастыруда. Ұста-зергерлер, ағаш шеберлері туындыларын қонақтардың көз алдында дайындап, жәрмеңкеде сатса, мәдени қызметкерлері жиылған халыққа облыстың тарихынан сыр шертетін концерт қойды.
Оңғар АЛПЫСБАЙ