Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Қазақстан мен Францияның төрағалығымен өтіп жатқан саммитті ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Премьер-министрге алғыс айтты.
Биыл Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасында дипломатиялық қарым-қатынасқа - 30 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев осы аралықта өзара сенімді саяси диалог жолға қойылып, берік құқықтық база қалыптасқанын атап өтті. Ал, Тақ мұрагері Қазақстанды Сауд Арабиясының Орталық Азиядағы маңызды серіктесі деп атады.
Айя Мүтәлі