Павлодардағы 6 жастағы чемпионға Президент сыйлығы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы 6 жастағы чемпионға Президент сыйлығы берілді

04.12.2024

Небарі 6 жасында әлем чемпионы атанған Екібастұз тұрғынына Президенттің сыйлығы табыс етілді. Хадия Кунаева өткен айда Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетті. Кішкентай жеңімпазды әкесі жаттықтырады.

Самат Кунаевтың джиу-джитсумен шұғылдануына омыртқа ауруына шалдығуы себеп болған. Спорттың арқасында сырқатты жеңіп, жеті баласының алтауын жекпе-жекпен айналысуға баулиды. Бүгінде олардың бәрі – спорт шебері. Хадияның алтын медалі отбасындағы тәрбиенің, тәртіптің жеңісі дейді Самат Кунаев.

Мемлекет басшысының сыйлығын Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов табыс етті. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу