Енді халықаралық және республикалық жолдарда орташа жылдамдықты асырған көлік жүргізушілері жауапкершілікке тартылады. Жаңа заң бүгіннен бастап күшіне енді. Оған сәйкес, жолда рұқсат етілген орташа жылдамдықтан асқан жүргізушіге 5-тен 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Тәртіп бұзушылықты бейнебақылау камералары тіркейді. Ішкі Істер министрлігінің өкілі, бұл өзгеріс жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған деп хабарлады. Себебі қала маңынағы жолдарда әрбір үшінші адам жылдамдықтың асып кету салдарынан көз жұмған.
Темірлан Нұрсолтанов