Қазақстанның сакралды картасы ұсынылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның сакралды картасы ұсынылады

19.07.2017

Еліміздің тарих үшін құнды, киелі нысандарының сакралды картасы 1,5 айдан кейін дайын болады. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Ведомства басшысының айтуынша, құжат қазір дайын. Тек кем-кетігі түзеліп, қыркүйек айында жұрттың назарына ұсынылмақ. Белгілі болғандай, карта екі бөлімнен тұрмақ. Әуелгісіне ірі нысандар кірсе, екінші бөліміне мегаполистердегі емес, шағын өңірлерде орналасқан ғимараттардың тізімі енгізілмек.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу