Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

04.12.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті. Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесуде, президенттер екіжақты ынтымақтың даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, лидерлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты және Финляндия халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.


Хабарламаларға жазылу