Петропавлда мектепте сылақ құлап, 3 бала жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда мектепте сылақ құлап, 3 бала жарақат алды

05.12.2024

Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы 6-шы мектептің төбесіндегі сылақ құлап, үш бала ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше оқушылардың жағдайы тұрақты. Олар орташа деңгейдегі жарақат алған. Бірнеше күн дәрігерлер бақылауында болмақ. Наусқастардың бас миы шайқалған. Олардың екеуінің жасы 12-де болса, біреуі 13-ке толған. Оқыс оқиғаға байланысты комиссия құрылады. Мектеп ғимараты 900 балаға арналып, 2020 жылы салынған.

Айнагүл Есқалиева, мектеп директоры:

Екінші кезеңде математика сабағы болып жатқан. 7 ә сыныпта, 20 оқушы. Сол сабақ болып жатқан кезде төбенің сылағы құлаған, штукатуркасы құлаған екен. Бір квадраттық көлемді алады.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу