АҚШ долларының бағамы 500 теңгеден асып кетті. Бұл Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаражат көлеміне әсер ете ме? Бүгін Сенаттың пленарлық отырысында жоғарғы палата депутаттары Қаржы министрі – Мәди Такиевқа осындай сауал жолдады. Министрдің сөзінше, қордағы ақша онсыз да доллармен сақталады және балалардың шоттарына жіберіледі. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Оның сөзінше, 2025 жылы 6,9 миллион балаға 889 млн долларға жуық ақша бөлінеді. Бұл бала басына шаққанда 120 доллардан келеді. Еске саламыз, былтыр әр баланың шотына 100 доллардан аударылған еді.
Мәди Такиев, Қаржы министрі:
100 доллар ол доллармен есептеледі, екіншіден осы сома қосымша инвестицияланады. Сондықтан ол өсіп отыр. Енді инвестициялық кірісті біз биыл 2,6 пайызбен санадық. Келесі жылы инвестициялық өсім 3 пайызға жетеді. Сондықтан біз балаларға 118-120 доллар көлемінде болатын шығар деп болжап отырмыз.
Нұрсұлтан Тілектес