Сауалнама нәтижесі: Халықтың 80,5%-ы Президентке сенеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауалнама нәтижесі: Халықтың 80,5%-ы Президентке сенеді

05.12.2024

Мемлекет басшысына халықтың 80,5% сенеді. Ал қазақстандықтардың 66,2% биылғы жылды жақсы көңіл-күймен, оптимистік көзқараспен аяқтайды. Жылды қорытындылап, әлеуметтік сауалнама жүргізген Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты осылай дейді. Сауалнамаға телефон арқылы 1200 және аймақтағы 8000 респондент қатысқан. Онда Қазақстанның саяси даму бағыты, халықтық құндылықтар мен ұлттың біртұтастығы тақырыбында сауал қойылған. Зерттеу нәтижелері бойынша халық биылғы жылды табысты жыл болды деп бағалап, алдағы жылдан көп үміт күтетінін айтқан.

Салтанат Ермаханова, қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің басшысы:

8 мыңды не үшін өткіземіз, 8 мың – бізге аймақтардағы жағдайды көруге мүмкіндік береді. Біз сұрыптау көлемін құрған кезде статистика өзі жыл сайын мәлімет жариялайды. Ауыл тұрғындары қанша, қала тұрғындары қанша, әйелдердің үлесі қанша, еркектердің үлесі қанша деген сияқты. Соған сәйкес біз сұрыптау дизайнын құрамыз.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу