Алматы облысында «100 нақты қадам: ұлт жоспары» аясында туристік нысандар көптеп ашылып жатқанымен, қауіпсіздік мәселелері шешілмеген. Көптеген жекеменшік демалыс орындары құтқарушылармен қамтылмаған. Жыл басынан бері Жетісудың өзен-көлдерінде 37 адам суға кетіп, мерт болған. Олардың 11-і - балалар. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 7 адамға көп.
Қайғылы оқиғалардың көбі суға түсуге арнайы рұқсат етілмеген жерлерде тіркелген. Сондай-ақ, мас күйінде шомыламын деп ажал құшқандар басым. Құтқарушылар туризммен айналысатын кәсіпкерлердің адам өміріне де жауапты екенін тереңірек сезінсе дейді.
Қуаныш ҚАСЫМҰЛЫ