Астанада криптовалютаны заңсыз саудалаған екі азамат сотталды. Қалалық прокуратураның мәліметінше, олар «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасына тіркелмеген. Лицензиясыз кәсіпкерлікпен айналысқан. Осылайша 7 млрд теңгені заңсыз жолмен айырбастаған. Енді прокуратураның талабы бойынша бұл азаматтар қылмыстық жолмен тапқан табысын мемлекет бюджетіне қайтаруы тиіс.
Айта өтейік, АҚШ-тағы президент сайлауынан кейін биткоин құны алғаш рет шегінен асып, 100 мың АҚШ долларына жетті.
Айя Мүтәлі