Биыл Аbai университетіндегі Сорбонна-Қазақстан институтына 10 жыл толды. Оқу орны 2014 жылы екі ел президенттерінің қатысуымен ашылған. Осыған орай Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге білім ордасына ат басын бұрып, студенттермен кездесті. Институт барлық білім беру бағдарламаларында француз тілін үйретуге басымдық беріп келеді. Соңғы 6 жылда 1200 студент білім алып, оның 170-і Францияның серіктес университеттерінің дипломдарымен диссертацияларын сәтті қорғаған.
Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
Бұл оқу орны екі ел арасындағы ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Қазақстанның білім саласында әлеуеті жоғары. Франция қашанда Қазақстан студенттерінің шетелде білім алуына қолдау көрсетуге дайын.
Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:
Бұл жалпы біздің осы бағыттағы әріптестігіміздің қаншалықты маңызды, қаншалықты қажетті екеніндігін айғақтайтын қадам деп есептейміз.
Қуан Нұрақын