Қарағанды облысындағы кәсіпорынға 44 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы кәсіпорынға 44 млн теңге айыппұл салынды

06.12.2024

Қарағанды облысы экология Департаменті табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін «Лад-Көмір» ЖШС-не 44 миллион теңге айыппұл салды. Көмір компаниясының іргесінде тұрған ауыл тұрғындары шаң-тозаңнан көз ашпай отырғандарын айтып шағымданған. Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде бірталай заңбұзушылықтар анықталды. Мәселен зиянды қалдықтар тиісті нормадан асқан. Оған қоса ешқандай рұқсатсыз ұсақтау цехі жұмыс істеп келген. Қазір компанияға олқылықтарды жоюға уақыт беріліп, айыппұл өндірілді.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу