Шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін Қазақстанның елшіліктері арқылы рәсімдеу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Сыртқы істер министрлігі пилоттық жобаны 2025 жылдың соңына дейін қолдануды ұсынып отыр. Бұйрық жобасы «Ашық» порталында желтоқсанның жиырмасына дейін талқыланады. Министрліктің ақпаратынша, мұндай шешім ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында атқарылып жатқан жұмыс көрсеткіштерінің оң нәтиже беруіне байланысты.
Айта кетейік, ЖСН алуға болатын шетелдік мекемелердің қатарына Қазақстанның Солтүстік Македония Республикасындағы және Черногориядағы елшіліктері мен Гамбург қаласындағы Бас консулдық қосылды.
Асылбек Данияр