Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының туғанына – 85 жыл.
Әбіш Кекілбайұлы – сан қырлы талант иесі. Ол – драматург, ақын, аудармашы, сыншы. Проза, поэзия, аударма, драматургия, сын, көсемсөз және шешенсөз жанрлары бойынша қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен олжа салып, өлшеусіз еңбек етті. Сондай-ақ, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп, мемлекеттігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Қайраткер жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, халқына қалтқысыз қызмет етті. Ұлт мүддесін және ел бірлігін қашанда бәрінен биік қойды. Әбіш Кекілбайұлының отаншылдығы, парасаттылығы, білімпаздығы мен еңбекқорлығы – өскелең ұрпаққа өнеге, - дейді қаламгерлер.
Темірхан Медетбек, ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
Әбіш Кекілбаев – қоғамдық өмірдің бүкіл қыры мен сырына терең үңілген бірден-бір үлкен парасатты, пайымы аса терең, білімді тұлға. Оны танып, білу үшін ұзақ уақыт керек. Ұзақ мақалалар үздіксіз жазылып отыруы керек. Ұрпаққа беретін оның тағылымы, беретін өнегесі өте ауқымды.
Қуан Нұрақын