Павлодар облысында лагерьдегі балалар үйлеріне уақытынан бұрын қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында лагерьдегі балалар үйлеріне уақытынан бұрын қайтарылды

07.12.2024

Павлодардың іргесіндегі Балдаурен оқу-сауықтыру орталығында коммуналдық апат болып, демалып жатқан балалар аяқ асты үйлеріне қайтарылды. Бүгін таңғы 5-тің шамасында жылу жүйесі істен шығып, қысым төмендеп кеткен.

Лагерьде демалып жатқан 86 баланың барлығы тез арада Павлодарға жеткізілді. Қалған демалыс күндерінің ақшасы ата-аналардың шотына қайтарылады, – деп хабарлады білім басқармасының өкілдері.

Қазір апат болған аумақ тексеріліп, жөндеу жұмыстары басталған. Бұған дейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева ата-аналардың шағымы бойынша орталықтың жағдайын барып көрген. Сол кезде де ғимараттың іші суық, ұялы байланыс болмаған.


Хабарламаларға жазылу