Запастағы офицерлердің әскери дайындық ережелері өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Запастағы офицерлердің әскери дайындық ережелері өзгереді

07.12.2024

Елімізде запастағы офицерлер мен сержанттарды әскери дайындықтан өткізу ережелері өзгереді. Қорғаныс министрлігі бұйрықтың толық мәтіні «Электрондық үкімет» порталында жарияланғанын хабарлады.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес енді әскери оқу орындарына түсу, бір білім ордасынан екіншісіне ауысу, оқу тоқтап қалған жағдайда қайта қалпына келтіру секілді процестер цифрлық форматта жүзеге асырылады.

Запастағы әскери қызметкер «Evog» электронды порталы арқылы өтінім бере алады. Бұл өзгерістер қағазбастылықтан құтылып, әскери қызметкерлердің еңбек шығындарын азайтуға, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу