«Беташар» ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының тізіміне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Беташар» ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының тізіміне енді

08.12.2024

«Беташар» салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының тізіміне енгізілгенін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады:

«Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі «Беташар» Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді».

Беташар халқымыздың ежелден келе жатқан салты. Мақсаты - жаңа түскен келінге елді таныстыру. Өйткені жас келін кімді құрметтеу керегін, кімге еркелеп ойнайтынын топ алдында танып алуы тиіс. Беташарда келін иіліп сәлем береді. Бүкіл салт-дәстүрге қарсы шығып жүргендер «Адамға иілуге болмайды» деп беташардың да мәнін жоққа шығарғысы келеді. Сұңқылдай берсін, Беташар адамзаттың мәдени мұрасы болып танылып жатыр.

Беташарға байланысты көпшілік келіспей қалатын тағы бір мәселе – көрімдік. Оған қатысты өнертанушы Ұларбек Нұрғалым былай дейді:

Беташарды жас келінге ақын аузымен айтылатын ата-енесінің өнеге-өсиеті деуге де болады. Бірақ, соңғы кезде сол дәстүрді шоуға айналдырып, кейде келінге «3 сәлем бер, 10 сәлем» бер деп шектен тыс әзілдеп жататындарды да байқап жүрміз.


Хабарламаларға жазылу