Қостанай облысында қоныс аудару бағдарламасына қатысушы азаматша алаяқтық жолмен 4 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды. Жамбыл облысының тұрғыны Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданына келіп, аудандық ауруханаға жұмысқа орналасқан. Кейін осы жерден баспана сатып алу үшін құжат дайындап тиісті мекемеге өткізеді.
Құжатта пәтердің бағасы мен сатушының есеп шоты көрсетілген. Көп ұзамай «Еңбек мобильдігі орталығының» Қостанай облысы бойынша филиалы сатушының шотына 4 млн теңге аударған. Алайда сатып алушы бастапқы келісімнен бас тартып, сатушыдан ақшаны қайтаруды талап еткен. Сөйтіп пәтер алуға мемлекеттен берілген 4 млн теңгені қалтасына басып, басқа мақсатқа жұмсаған. Алаяқ жауапқа тартылды. Сот үкімімен шығынды қайтаруға міндеттеліп, үш жылға бас бостандығы шектелді.
Дәуренбек Әбдібек