Қостанай облысында жол құрылысына 1 млрд теңгеге жуық қаржы артық бөлінген. Бұл дерек мердігерлер жұмысын тексеру кезінде анықталды. Жергілікті әкімдіктер ағымдағы және орташа жөндеу кезінде жобаның жалпы құнына 2 пайызға дейін қосымша шығындарды есептеп, қосып отырыпты. Ал заңнамада мұндай шығын қарастырылмаған.
Соның салдарынан жол жөндеуге 840 млн теңге бюджет қаржысы негізсіз, артық бөлінген. Тексеру қорытындысына сәйкес, келісімшарттар қайта қаралып, артық шығын алынып тасталды. Осы келісім-шарттар негізінде мердігерлер алып үлгерген 32 млн теңге бюджетке қайтарылды.
Дәуренбек Әбдібек