18 жасқа толған қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы арқылы 4,2 млн доллар қаржыны пайдаланған. Бұл туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 22 600 ден астам өтініш түсіпті. Жалпы сомасы 2,3 млн долларға жуықтайды.
Оның басым бөлігі депозиттегі жинағын толықтырса, 215 өтініш қаржыны толық есеп айырысу үшін алған. Тағы 176 азамат ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасын ұлттық қордан түсен қаржы арқылы төлеген. Жасөспірімдер білім беру ақысын да түрлі тәсілмен төлеген. Қазақстандағы оқу орындарында оқитындардан 16 мың өтініш түссе, шетелде оқитын 702 студент ақысын ұлттық қордағы жинақ арқылы төлеген. Ал 2,5 мың отандасымыз ақшаны білім беру жинақтау шотына аударған.
Оңғар Алпысбай