Volkswagen компаниясының 9 зауытында ереуіл өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Volkswagen компаниясының 9 зауытында ереуіл өтеді

09.12.2024

Бүгін Германияның «Фольксваген» компаниясы мен кәсіподақтар арасында келіссөздердің төртінші раунды өтеді. Онда талқыланатын негізгі мәселелер – жалақыны қысқарту және кейбір зауыттарды жабу. Бұл проблемалар екі жақ арасындағы шиеленісті күшейтіп, үлкен ереуілдерге себеп болып отыр.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бірнеше сағаттан кейін «Фольксвагеннің» тоғыз зауытында қарсылық акциялары басталады. Оған қатысатын мыңдаған адам жалақыны кесу жоспарын доғаруды талап етпек. Айта кетсек, қазір бұл концерн табысының азаюына энергияның қымбаттауы, нарықта азиялық арзан автомобильдердің көбейіп кетуі себеп. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу