Абай облысына қарасты Курчатов қаласының кәріз суы Ертіс өзеніне құйылып жатыр.
Бұл бейнетаспа әлеуметтік желіде жарияланған. Павлодардың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары Ертіс өзенінің химиялық, бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша су сынамаларын алды. Нәтижесі 4 күннен соң белгілі болмақ.
Ал Абай облысының экология Департаментінің өкілдері дереу оқиға орнына барды. Мәлімет расталғанына көз жеткізген соң, «Курчатов водоканал» кәсіпорнына қатысты тексеріс басталатынын хабарлады. Ертіс трансшекаралық өзен. Оның үстіне Қазақстанның үш бірдей облысын басып өтеді. Тіпті еліміздегі Екібастұз, Қарағанды, Астана сынды үлкен қалалар ауыз суды осы өзеннен алып отыр. Сондықтан Ұлттық телеарна бұл мәселені бақылауда ұстайды.
Болат Аманбаев