Шымкент қаласында мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар енді табиғи газды қыс кезінде жеңілдікпен тұтына алады. Пилоттық жобаның мерзімі 5 ай. Яғни тұрмысы төмен отбасылар санатына жататын азаматтар желтоқсаннан бастап сәуірге дейінгі тұтынған көгілдір отыны үшін жеңілдікке ие болады.
Шымкент қаласының әкімдігі бекіткен нормаларға сәйкес әр абоненттің айына пайдаланған газы 631 текше метрден аспауы керек. Соған сәйкес төлемақының 24 пайызына дейін шегеріледі. Жобаға қатысушылар EGOV Mobile қосымшасының басты бетіндегі «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы мүмкіндігін пайдаланады. Бұл бастама Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаға орай жүзеге асқалы отыр.
Ержігіт Балқыбеков, «Әлеуметтік әмиян» жобысының менеджері:
Біздің процесіміз максималды жеңілдетілген, тұтынушыларға оңай болсын деп. Ешқандай толықтыратын құжаттарды қажет етпейді. Тұтынушының есеп шоты болса ғана болды. Соның негізінде ваучер беріліп, жеңілдік берілетін болады азаматтарға.
Ғани Қалмаханов