Шымкентте дизель отыны толтырылған бөшке жарылып, бір азамат қайтыс болды. Апатттан көз жұмған 39 жастағы жігіт жергілікті компаниялардың бірінде жұмысшы болып еңбек еткен. Ол газ балонын жағып, цистернадағы қатып қалған дизель отынын ерітпекші болған. Соның салдарынан жарылыс болды.
Осы оқиғаға байланысты Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда абайсызда болған кісі өлімінің мән-жайы анықталып, апат себебі зерттелуде.
Ғани Қалмаханов