Оңтүстік Корея президентіне шетелге шығуға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея президентіне шетелге шығуға тыйым салынды

09.12.2024

Оңтүстік Корея президентіне шетелге шығуға тыйым салынды. Мұндай шектеуге Юн Сок Ельдің елде әскери жағдай енгізуіне қатысты тергеудің басталуы себеп. Полицияның мәлімдеуінше, бұл іс заңға және жалпы қағидаларға сай жүріп жатыр. Тергеу шеңберінде бүгіннен бастап президент елден кете алмайды. Мемлекет басшысынан жауап алынуы да мүмкін. Бұған дейін мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ен Хен қамауға алынды. Кейбір мәліметтерге сай, ол елде әскери жағдай енгізу шешіміне бастамашы болған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу