Әшекей жасауда ұлттық нақыш ұмытылып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әшекей жасауда ұлттық нақыш ұмытылып барады

09.12.2024

Қазақтың күміс әшекейлерін көркемдеп жасауда ұлттық нақыш ұмытылып барады. Осылай деген тараздық жас зергер халық арасында қөлөнер бұйымына деген қызығушылық төмендеп бара жатқанын айтты.

Назерке Болатбек Абай атындағы политехникалық колледжде дәріс береді. Ол ұлттық өнер ұрпақ жадында жаңғыру үшін студенттерге арнап шағын шеберхана ашты.

28 жастағы Назерке Болатбек – қыз-келіншектерге арналған күміс бұйымдар жасаудың шебері. Ол қазақ қөленері мен түркі жұртына тән көптеген көркем әшекейлерді заманауи үлгіде жаңғыртады. Оның қолынан шыққан әшекейлер қатарында ұмыт болып бара жатқан құс тұмсық, құдағи жүзік секілді сақиналар бар.

Назерке Болатбек, қолөнер шебері:

Күміс адамның қолына тағылғанда, білезік немесе сырға, жүзік, алқа қылып таққанда, не үшін ескі күміс бұйымдардың бәрі ауқымды, өте салмақты ауыр болған? Қанның құрамын тазалайды, фильтр ретінде жұмыс істейді күміс.

Назерке өзі оқыған Абай атындағы колледжге 4 жыл бұрын мұғалім ретінде қайта оралды. Содан бері студенттерге сәндік қолданбалы өнер бойынша дәріс береді. Жас ұстаз күміспен күптеп жасайтын зергерлік бағыт ұлттық өнер ретінде ұмытылып бара жатыр, дейді. Сондықтан орта оқу орнынан шеберхана ашып, шәкірт тәрбиелеп отыр.

Дина Бейбіт, студент:

Ұстазыма қатты қызықтым, сол кісі сияқты болғым келді. Қазіргі таңда әшекейлердің көбісі басқа мемлекеттерден еніп бара жатыр. Мән-мағынасы, мұрасы белгісіз, жоғалып бара жатыр. Соны біз сақтау, жаңартудың арқасында дамытып жатырмыз. Әсіресе осы көркем әшекейді.

Бүгінде шеберден дәріс алған студенттер арасынан оншақтысы кәсіби зергер болып жұмыс істейді. Қазір ол өз шәкірттерінің қолынан шыққан алмас қылыш, ай балтаны күміспен сәндеуге кіріскен.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Шеберхана шағын болғанымен, ішінде халықаралық көрмелерге қойылып жүрген құнды қолөнер бұйымдары жасалады. Сондай-ақ мұнда тарихи жәдігерлерді жаңарту, қалпына келтіру жұмыстары да жүреді.

Зергер өзінің 4 жылдық тәжірибесіне қарамастан кәсіби мамандардың көзіне түсіп үлгерді. Шәкірті екеуі шеберлік сағатын өту үшін Франция еліне шақырту алды. Халықаралық байқау алдағы ақпан айында өтеді. Олар қаржылай қолдау болса ғана шетел асуға дайынбыз дейді.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу