Оңтүстік Кореяда тұрғындар президентке импичмент жариялауды талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда тұрғындар президентке импичмент жариялауды талап етті

10.12.2024

Оңтүстік кореялықтар президент Юн Сок Ельге импичмент жариялауды талап етіп шеруге шықты. Сеулде өткен наразылық акциясына 30 мыңдай адам қатысқан.

Демонстранттардың айтуынша, әскери жағдай енгізгені үшін президенттің кешірім сұрап құтылуы жеткіліксіз. Соңғы сөйлеген сөзінде Юн өзінің саяси тағдырын басқарушы партияға тапсыратынын мәлімдеді. Алайда биліктен кететінін айтқан жоқ. Тиісті органдар президент пен бірқатар ресми тұлғаға қатысты бүлік жасау және билікті асыра пайдалану бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу