Нидерланд Бельгия, Германиямен шекаралық бақылау орнатты. Елдің тәртіп сақшылары көршілес елдерден қатынайтын көліктерді маусымға дейін тексермек. «Бұл заңсыз миграцияның, трансшекаралық қылмыс пен лаңкестіктің алдын алуға бағытталған уақытша тексеріс» дейді ел үкіметіндегілер. Шекаралық бақылау бекеттерінде қырағылықты арттыруға бюджеттен 150 млн еуро бөлінген. Қаржы бейнекамералар сатып алуға және қосымша мамандар тартуға жұмсалмақ. Германия полицейлері қыркүйекте орнатқан осындай шекаралық бақылаудың нәтижесінде заңсыз миграция 13 пайызға азайғанын тіркеген.
Нұрсұлу Қасым