Жамбыл облысы Жуалы ауданында жолаушылар автобусы жолда қалып қойды. Көлік түнгі сағат 01:00 шамасында Алматы-Ташкент тасжолының 592 шақырымында бұзылып қалған.
Аязды түнде автобустың моторы істен шыққандықтан 41 жолаушы тоңа бастаған. Оның ішінде екі бала бар. Барлығы Шақпақ ата ауылындағы өнер мектебіне эвакуацияланды.
Жалпы жолаушылардың 34-і Өзбекстан, 7-уі ел азаматы. Оларға ыстық шәй беріліп, ары қарай өзге автобусқа отырғызылды. Ал бұзылған автобусты «Қазавтожол» техникасы сүйреп, Түркістан облысы аумағына жеткізді.
Данияр Әлімқұл