Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа - 25 жыл. Осы аралықта бауырлас екі мемлекеттің арасында экономикалық әрі рухани байланыс нығая түсті. Атаулы датаға орай, Анкара қаласында Алматы облысының өнерпаздары концерт қойды. Жамбыл ауданының «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі халық әндері мен классикалық шығармаларды орындады.
Сондай-ақ, жетісулық өнерпаздар түбі бір Түрік композиторларының туындыларын да шырқады. Ал, қос мемлекеттің рухани-мәдени саладағы ынтымағын арттыратын мұндай шаралар одан әрі жалғаса бермек.
Алмат ӘБДІРАМАН