Ақтау теңіз портында қоқыс жәшіктері арқылы темекі өнімдерін алып өтпекші болғандар құрықталды. Құзырлы органдар кеден бекетінде контейнерді тексеру барысында, Ираннан келген қоқыс жәшіктерінен «Oris» контрабандалық темекісінің ірі партиясын анықтады. Темекінің 230 мыңға жуық қорабы шықты. Оның жалпы құны шамамен 86 миллион теңге. Осы дерек бойынша экономикалық контрабанда бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аягөз Оралбайқызы