Ақтөбеде бір күнде 16 кітаптың тұсауы кесілді. Бұл жай шығармалар емес, қазақ қаламгерлерінің ТМД елдеріне арнайы барып, архивтерді ақтарып, көз майын тауысып жазып шыққан құнды дүниелер. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының стратегиялық әріптестікті іске асыру жобасы бойынша атқарған жұмыстары нәтижесін берді. Бүгінгі форумда «Түрік халықтарының әдет-ғұрыптары», «Парсы-тәжік және қазақ халқына ортақ әдеби желілер мен арналар», «Ташкент және қазақ тарихнамасы», «Қазақ-Әзірбайжан руханият сабақтастығы», «Қазақстан әдебиеті бойынша Армения архивтеріндегі зерттеулер» секілді кітаптар оқырманға таныстырылды. Шараға Ресейден және Астана, Алматы, Қызылорда, Атыраудан келген тарихшылар мен жазушылар қатысты. Зерттеу жұмыстары барысында ондаған құнды дүниелер табылған.
Қасымхан Бегманов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары:
Бұрын-соңды табылмаған Жамбыл атамыздың 1937 жылы үлкен съезге барып қатысқандағы дауысын, үлкен деректі фильмін Қазақстанға тұңғыш рет әкелдік. Ол 38 жылы теледидарда көрсетілген, сонан соң репрессияға ұшыраған. Соны тұңғыш рет көрсеттік.Тауып алып келдік материалын.
Жақсыбек Кемал