Бүгін – адам құқықтары күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – адам құқықтары күні

10.12.2024

Бүгін – адам құқықтары күні. Айтулы күнге орай Астанада ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараның мақсаты – адам құқықтарын қорғау. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру. Конференцияға қатысқан шетелдік сарапшылар Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға қатысты жүзеге асырылып жатқан іс-шараларға тоқталып, оның нәтижелеріне оң бағасын берді.

Катаржина Вавьерниа, БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасының тұрақты өкілі:

Бүгін бүкіл әлем Адам құқықтары күнін атап өтуде. Бұл құжатты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1948 жылы 10 желтоқсанда бекіткен болатын. Бұл жаһандық декларация. Құжатта тілге, дінге, ұлтқа бөліну деген жоқ. Басты құндылық – адам құқықтарын сақтау, бұзылуына жол бермеу. Осы бағытта біз Қазақстандық әріптестерімізбен қоян-қолтық жұмыс істеп келе жатырмыз.

Алешка Симкич, Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі:

Астанада өтіп жатқан Адам құқықтары жөніндегі конференцияның маңызы зор. Себебі бұл жерде адам құқықтарын сақтау, қорғау, көмектесу тұрғысында кең диалог құрамыз. Ақылдасамыз, кеңесеміз. Қазақстандық омбудсмендер адам құқығын қорғауға бар күш-жігерін жұмсап, жұмыс істеуде. Зорлық-зомбылық, балалар құқықтарына қатысты заңдарға енгізілген өзгерістер сөзімнің айқын дәлелі деп білемін.

Конференция аясында «Кемсітушілікке қарсы іс-қимыл», «Азаптау мен қатыгездіктің алдын алу», «Әйелдердің жазасын өтеу, жабық мекемелердегі жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу» сынды өзекті мәселелер талқыланды. Сарапшылар бекітілген тақырыптар бойынша зерттеу нәтижелерін көрсетіп, таныстырды. Ұсыныстарын айтты.

Артур Ластаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

Бүгінгі шараның басты бағыттарының бірі Мемлекет басшысы бекіткен адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарының іске асырылуын талқылау болды. Соңғы жылдары елімізде азаматтардың құқықтық жағдайын жақсарту және демократиялық институттарды нығайту бойынша кешенді шаралар қабылданды. Біз адам құқықтарын сақтау бойынша түрлі халықаралық ұйымдармен әріптестігімізді нығайтудамыз.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу