Теріскей тұрғыны тәртіп сақшыларынан жасырынып, жеркепеде өмір сүріп келген. Баукеспе ұрланған жылқыны сойып жатқан жерінен ұсталды. Мағжан Жұмабаев аудандық полиция қызметіне қорадағы мал жоғалғаны туралы ақпарат келген. Инспекторлар мен жылқы иесі бірден күдіктінің ізіне түскен. Оның қорада тұрған ер-тоқым, жүген мен пиманы да қолды қылғаны анықталды.
Күдікті бұған дейін пәтер тонағаны үшін шартты түрде бірнеше жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда пробациялық бақылауға тұрмай, қашып жүрген. Жерді қазып, төбесі бұтамен жабылған жеркепеге пеш салып алған. Ер адамның орманда бір айдан бері тұрып келгені анықталды. Ол қамауға алынып, екі дерек – пәтер тонау және мал ұрлығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оразбек Қалдыров, ауыл тұрғыны:
5 жасар айғырым да, жылқыға мініп жүрген. Ер мен жүген болмағасын түсіндім енді, алып кеткенін. Қолды болғанын. Өзім де осы жігітті ойладым.
Эльмира Кәленова