Тұрғын үй кезегі жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғын үй кезегі жаңартылады

10.12.2024

Құрылыс компаниялары заң талаптарын айналып өтіп, үлескерлердің қаражатын тартуды жалғастырып келеді. Премьер-министр тұрғындарды жауапсыз компаниялардан қорғайтын тиімді тетік әзірлеуді тапсырды. Үкімет басшысы тұрғын үй кезегін де жаппай тексеріп, тізімді жедел жаңарту керек екенін айтты.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Тағы бір маңызды міндет – баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін жаңарту. Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған болатынмын. Бірақ бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде, шынымен мұқтаж азаматтар ғана болу керек.

Иә, баспана кезегін енді Отбасы банкі жанынан құрылатын институт қадағалауы тиіс. Орталық тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейін ескеруі тиіс. Ал тұрғын үйге кезекті қалай реттеу қажет? Халықтан сұраған едік.

- Тізім ескірген сияқты, оны жаңарту керек. Жасалып жатқан тізімде әр санаттағы адамға, әр түрлі тізім болуы керек. Мысалы, мүгедектерге өздеріне жеке тізім мен лимит болса. Жас отбасыларға жеке кезек.
- Қаншама жыл кезекте тұрған кісілер бар. Менің қайынсіңлім тұр кезекте, екінші топ мүгедегі. Қаншама жыл тұрғандар бар соларды кіргізу керек.

- Менің өзім де кезекте тұрмын. Ол кезек жылжымайды. Ата-анам үлкен кісілер. Гарант табу қиын.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу