Семейде вейп сатқан қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде вейп сатқан қылмыстық топ ұсталды

11.12.2024

Семейде вейптердің сан алуан түрін жасырын саудалап жүрген топ ұсталды. Олар онлайн тапсырыс алып, зиянды затты таратып отырған. Полиция сауданы қыздырып жүрген 20 жастағы курьерді қолға түсірді.

Оның көлігінен 100-ге тарта вейп табылды. Кейінірек ұйымдастырушылар да ұсталып, олардың үйінен 250-ден астам заңсыз тауар тәркіленді. Күдіктілер күніне 300 мың теңгеге дейін табыс тауып отырғандығы белгілі болды. Оларға қатысты вейптерді заңсыз тарату бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу