АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртімен күрес әлі жалғасып жатыр. Әсіресе Малибу қаласының төңірегіндегі жағдай қиын. Мұндағы жалын желдің екпінімен тез тарап, үйлерге қауіп төндіріп тұр. Сондықтан 20 мыңдай тұрғынға көшуге бұйрық берілді. Тілсіз жаумен күреске 1,5 мың адам жұмылдырылды.
Соған қарамастан 1200 гектарға жуық жасыл желек күлге айналған. Ал Лос-Анджелестің батысында қаулаған өрттен өнер жұлдыздарының виллалары, жылқы фермалары және жергілікті университет зардап шекті. Осы аумақтағы 44 мыңдай тұтынушы жарықсыз қалған.
Арыстан Рысбек