Мажарстанның Будапешт қаласында қысқа қашықтықта суда жүзуден әлем чемпионаты басталды. Отандық жүзушілер әлем чемпионатының алғашқы күнінде-ақ еліміздің екі рекордын жаңартты. Софья Сподаренко 50 метрлік қашықтықты баттерфляй әдісімен 26.06 секундта жүзіп өтіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Ерлер құрамасы еркін стиль эстафетасында рекорд жасады. Әділбек Мусин, Егор Попов, Максим Сказобцов және Глеб Коваленя бұл қашықтықты 3 минут 15 секундта аяқтады.
Аида Ахметбек