Ауылшаруашылыққа бөлінген 142 млрд ₸ субсидия тиімсіз жаратылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылшаруашылыққа бөлінген 142 млрд ₸ субсидия тиімсіз жаратылған

11.12.2024

Ауылшаруашылық саласын субсидиялауға бөлінген 142 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған. Бұл 2022-2023 жылдарға жүргізілген аудит қорытындысы. Сондай-ақ 3 мыңға жуық субъектінің ауылшаруашылық саласына қатысы жоқ болса да субсидия алғаны белгілі болды. Оларға 5,5 млрд теңгеге жуық қаражат берілген.

Енді жауаптылар заң алдында жауап беретін болады. Субсидияға қатысты біраз былық жөнінде жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті. Ол бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға бөлінген мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындысымен бөлісті. Субсидиялаудың нақты басымдықтары белгіленбегенін жеткізді. Жалпы елімізде 5 жыл ішінде субсидиялауға 2 трлн теңге бөлінген. Бірақ жүйелі проблемалар олардың әсерін шектеп отыр деді.

Әлихан Смайылов, ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы:

Біздің аудиттың нәтижесінде бір Түркістан облысының өзінде 15 кәсіпкердің субсидия алғанын анықтап отырмыз. Абай облысында да мыңдаған адам субсидия алған. Ұлытау облысында да болған. Бұл жұмыс әлі жалғасуда.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу