Ақмола облысының бірнеше мектебі көмірсіз қала жаздады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының бірнеше мектебі көмірсіз қала жаздады

11.12.2024

Ақмола облысының бірнеше мектебі қақаған қыста көмірсіз қала жаздады. Жақсы аудандық білім бөлімінің мамандары мердігердің 52 миллион теңгенің көмірін жеткізбегеніне қарамастан, жұмыс орындалды деп актіге қол қойған.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік орган мердігермен 140 миллион теңгеге 8 мың тонна көмірді сатып алу туралы шарт жасасқан. Алайда мердігер өз міндетін толық орындамаған. Осы оқиғадан кейін білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы әкімшілік жауапқа тартылды, ал қаржыгер жұмыстан қуылды.  

Бибінұр Әмірханқызы

Хабарламаларға жазылу