Астана кеден бекетінен 35 млн теңгелік контрабанда тәркіленді. Салмағы 30 тонна, құны 35 миллион теңге тұратын контрабандалық тауар мемлекет пайдасына тәркіленді. Бас прокуратураның дерегінше, Астанадағы кеден бекеттерінің бірінен жалған құжаттары бар жүк вагоны анықталған.
Құжат бойынша, вагон ішінде гранит тиелгені жазылғанымен, іс жүзінде вагон іші Қытайдан келген киім. Тәркіленген заңсыз тауар балаларға арналған мекемелерге таратылатын болды.
Аида Ахметбек