Американың «Боинг» компаниясы өзінің ең көп сатылатын 737MAX ұшақтарын қайта шығара бастады. Өндірістің тоқтауына зауыт жұмысшыларының жалақыны 40 пайызға көтеруді талап етіп, үш ай бойы ереуілдетуі себеп болды.
Өндірістің қайта жандануы қарызға батқан «Боинг» үшін үлкен маңызға ие. Себебі қазір дүниежүзінде әуе тасымалдарына сұраныс артып келе жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бүгінде әлем бойынша бұл компания ұшақтарына берілген тапсырыс саны 4 200-ге жуықтап қалған.
Арыстан Рысбек