Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар лицензияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар лицензияланады

11.12.2024

Келесі жылдан бастап Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемдердің қалай тағайындалатынын және аударымдарды тексере бастайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі мәлімдеді. Дерекке сай, тексеру парағында 12 критерий қарастырылған. Бұл жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу, бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу, жұмысынан айырылу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайлары. Бұдан бөлек комитет басшысы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау енгізілетіндігін атап өтті.

Төлеген Оспанқұлов, ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

26 желтоқсанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардан лицензия алуға өтінімдер қабылдау басталады. Елімізде мұндай ұйымдардың саны мыңнан асады. Лицензия беру кезінде материалдық-техникалық база мен жабдықтың, медициналық лицензияның, өрт қауіпсіздігі лицензиясының, бейімделген ғимараттың болуы, қызметкерлердің толық штаты ескеріледі.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу