Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындарға газ төлеміне жеңілдік беріледі. Нақты айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алатын мыңнан астам азамат «Әлеуметтік әмиян» арқылы 20% жеңілдік ала алады. Бұған дейін дәл осындай көмек қағаз жүзінде беріліп келді. Бірақ нақты мұқтаж азаматтарды түгел қамти алмайтын. Енді көмек eGov арқылы проактив түрінде беріледі. Егер пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, өзге өңірлерге таратылады.
Демеу Сейітжанов, компанияның басқарушы директоры:
Газдың бағасы қазір облыста 20 теңге 49 тиын болатын болса, әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатындарға 16 теңге 43 тиын. Жеңілдік 20 %-ға тең. Бұл проактивті түрде істелетін нәрсе. Бұрын осындай азаматтарға көмектестік, бірақ ол қағазбен істелінетін.
Ардақ Мұратқызы