Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы нәтижелі іске асып келеді. Жоба аясында тұрғындардың қалауымен Наурызбай ауданына қарасты «Барлық» базарының алдындағы жабайы саудаға тоқтау қойылып, айнала тұтас абаттандырылған. Бұрын бұл аумақ қараусыз қалып, жаяу жүруге қолайсыздық тудыратын. Қазір жан-жағы қоршалып, 200-ден аса жасыл желек отырғызылды. Көктемде жайқалып, қала көркіне көрік қосады дейді жауаптылар. Сондай-ақ халықтың өтініші бойынша «Шұғыла» шағын ауданына серуендеуге, демалуға арналған саябақ салынып жатыр. Ұзындығы 350 метр болатын арбатта заманауи жабдықтар қойылған. Мұнда спортпен шұғылдануға арналған уоркаут аймағы, баскетбол алаңы бар. Мәдени іс-шаралар мен кездесулер өткізуге арналған амфитеатр да бой көтермек. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады, - дейді аудан әкімі.
Назира Тоғызбаева, Наурызбай ауданының әкімі:
Жобаның мақсаты осы жастар буыны болсын, үлкен кісі болсын осындай жақсы алаңы болу. Осы жерге біз үлкен алаңдар жасадық, одан кейін жарықтандыру жұмыстарын тағы да жасадық, көп ағаштар отырғыздық. Жалпы бізде Наурызбай ауданы бойынша 2,5млрд ақша бөлінді, 40 жобаға. Енді қазіргі таңда сол жобалардың бәрі аяқталу процесінде.
Ернұр Медет