Елімізде баспанаға сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде баспанаға сұраныс артты

11.12.2024

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, кейінгі 1 айда тұрғын-үйді сатып алу және оны сату бойынша 39 421 құжат жасалған. Оның 31 256 пәтер, қалғаны жеке тұрғын-үй. Келісімшартқа отырғандардың басым бөлігі әдеттегідей Алматы. Сосын Астана тұрғындары. Ал өңірлер арасында Павлодар, Түркістан, Алматы облыстарында баспана көп сатылған. Абай облысында керісінше тұрғын-үй келісімшарты 20 пайызға төмендеген. Ұлытау облысында да баспанаға сұраныс аз. Ең аз келесімшарт қараша айында осы өңірде жасалған.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу