Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Жиында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне, сондай-ақ құмар ойындарына қарсы күреске бағытталған кешенді жоспарларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалды. Сондай-ақ лудоманияның алдын алуға, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізуге бағытталған шаралардың сапалы орындалу барысына әділ әрі толық талдау жүргізу қажеттегіне баса мән берді.
Кеңес мүшелері «Қазақстан жастары» атты ұлттық баяндамада көрсетілген жастар арасындағы қазіргі үрдістерді қарастырды. Осы үрдістерді ескере отырып, жиынға қатысушылар өзекті тақырыптың бірі – Қазақстан жастарының еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетін арттыру мәселесін талқыға салды. Т
алқылаулар барысында Мемлекеттік кеңесші Ішкі істер мен Туризм және спорт министрліктеріне кешенді жоспарларды орындауға қатысты жұмысты күшейту жөнінде тапсырмалар берді. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Кеңестің алдағы уақытта жаңа бастамаларға ұйытқы болып, жастар саясаты саласындағы маңызды бағыттарды жаңғырта түсетініне сенім білдірді.
Серік Жұмабек