Ауыл шаруашылығы министрлігі: Субсидияға бөлінген қаржы оңтайлы жұмсалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі: Субсидияға бөлінген қаржы оңтайлы жұмсалды

12.12.2024

Субсидияға бөлінген 142 млрд теңге құс етін өндіру шығындарын арзандатуға, ірі қара мен ұсақ малды селекциялық-асылдандыру жұмыстарына және сақтандыруға жұмсалды. Ауыл шаруашылығы министрлігі кеше Мәжілісте Жоғары палата төрағасының мәлімдемесіне қатысты осындай түсініктеме берді.

Ведомство 2022-2023 жылдар аралығында аудит арқылы 943 млрд теңге қамтылғанын жазған. Ал заңға қайшы әрекеттер 2 млрд теңге мөлшерінде анықталған деп отыр. Бұл қаржы да толықтай қалпына келтірілгенін атап өтті.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу